Муссонды климаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Муссонды климаты — Жер шарындағы атмосфераның муссондық айналымы аймағында болады.
Жыл бойы ылғалдылықтың күрт өзгеруімен ерекшеленеді. Муссонды климатқа құрғақ қыс пен ылғалды, жаңбырлы жаз тән. Муссонды климат Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Экваторлық Африканың тропиктік және субтропиктік белдемдерінде болады. Мысалы, үстінен үнемі муссон өтетін Мумбай (Бомбей) қаласында (Үндістан) қыста жауын-шашын мөлшері 3 – 8 мм-ден аспайды, ал жазда 610 мм-ге дейін көбейеді. Муссонды климат қоңыржай ендікте де байқалады.[1] Тропиктік (экваторлық) муссондар климаты, субтропиктік муссондар климаты және қоңыржай ендіктердегі муссондар климаты болып сараланады.[2]
Дереккөздер
- Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |